Нұр-Сұлтан әкімдігінде МӘМС мәселелері талқыланды

3 Сәуір 2019, 15:35
2825
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әкімдігінде МӘМС мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

Кеңеске қалалық әкімдіктің, денсаулық сақтау министрлігінің, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының өкілдері, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі өңірлік штабтың мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа моделі сынды бірқатар мәселе тұрды.

Бұдан басқа, мамандар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жүргізіп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, 2019 жылға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қазіргі кезеңінің өзекті міндеттері туралы баяндама жасады.

«Біздің алдымызда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмасын орындау міндеті тұр. Бүгін біз жұмыс көлемін анықтадық. Бұл жұмыс сауаттылық пен жігерді, жауапкершілікті талап етеді», - деп түйіндеді сөзін қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.




Өзгелердің жаңалығы