Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Оман шығанағындағы мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарды "Иранның агрессиясы" деп атап, әлемдік қауымдастықты оны тоқтатуға шақырды. Бұл туралы "РИА новости" сайты хабарлады.
Бұдан бұрын Оман шығанағында Front Altair және Kokuka Courageous кемелеріне шабуыл жасалды. Жарылыстар мен өрттен кейін екі экипаж Иранның аумағына және американдық эсминецтің бортына көшірілді. Front Altair-де 11 ресейлік болған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ."Иранның Оман шығанағындағы агрессиясына келер болсақ, барлық бейбітсүйгіш елдер АҚШ тәрізді халықаралық суларда кеме қатынасының еркіндігін тоқтатпауға және қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін қолдауы тиіс", - деді Нетаньяху Трамптың құрметіне аталған жаңа кенттің Голандық биіктіктерінде таныстыру рәсімінде.
Бұған дейін Иран танкерлерге шабуыл жасаған үшін АҚШ-ты айыптады. АҚШ әскері өздерінің нұсқасы бойынша, Иранның әскері Оман шығанағындағы апатқа ұшыраған кемеден жарылмаған минаны алып шыққан видеоны көрсетті. Төмен сапалы ақ-қара бейнежазбада танкердің бортындағы адамдары бар катер көрсететіледі, катердегі жазулар түсініксіз.
Иран СІМ басшысы Мохаммад Джавад Зариф бұл өз елінің атына негізсіз айыптау екенін атады. Иран әскері кеме мен тікұшақты құтқару және көмек көрсету үшін ТЖ орнына жібергенін хабарлады.
РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков РФ танкермен болған оқиғаға қатысты жағдайды ұшықтырудың еш қажеті жоқтығын айтты. Сондай-ақ, РФ СІМ-де танкерлерге шабуыл жасау оқиғасы бойынша тергеу аяқталғанша, жедел қорытынды шығарудың қажеті жоқ екенін ескертті.