Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нетаньяху Трамппен Иранға қайта соққы беру мүмкіндігін талқыламақ

Бүгiн, 01:29
195
Бөлісу:
 Drew Angerer / Getty Images
Фото: Drew Angerer / Getty Images

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен Иран аумағына жаңа соққылар жасау мүмкіндігін талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы NBC News ақпарат көздеріне сілтеме жасап жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәліметке сәйкес, Нетаньяху америкалық көшбасшыға Иранның зымыран бағдарламасына қатысты алаңдаушылығын жеткізіп, оның дамуы жедел әрекетті қажет етуі мүмкін екенін айтпақ. Сондай-ақ Израиль тарапы АҚШ-тың ықтимал әскери операцияларға қатысуын немесе Вашингтонның мұндай әрекеттерге қолдау көрсету жолдарын ұсынуы мүмкін.

Нетаньяху мен Трамптың кездесуі 29 желтоқсанда Флорида штатында өтеді деп күтілуде.

Бұған дейін Дональд Трамп Иран келісімге келмей, зымыран және ядролық бағдарламаларын жалғастырса, АҚШ жаңа соққылар жасау мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеген. Ал Иран билігі өз кезегінде зымыран бағдарламасын талқылаудан бас тартатынын және уранды бейбіт мақсатта байытуды жалғастыратынын бірнеше рет атап өткен.

Еске сала кетейік, маусым айында Израиль мен Иран арасында қарулы қақтығыс болып, кейін АҚШ-тың араласуымен атысты тоқтату режимі енгізілген еді.

Өзгелердің жаңалығы