Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нетаньяху: Палестинаны басқа елдердің мойындауы Израильді ештеңеге міндеттемейді

25 Қыркүйек 2025, 04:27
976
Бөлісу:
 Menahem Kahana/ Pool Photo via AP
Фото: Menahem Kahana/ Pool Photo via AP

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Палестинаның мемлекеттілігін тану туралы шешім қабылдаған бірқатар елдердің әрекетін қатаң сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Кейбір басшылардың Палестина террорына масқара түрде тапсырылуы Израильді ештеңеге міндеттемейді. Палестина мемлекеті құрылмайды, – делінген премьердің кеңсесі таратқан қысқа мәлімдемеде.

Бұған дейін Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен конференцияда Андорра, Бельгия, Люксембург, Мальта, Сан-Марино және Франция Палестина Мемлекетін ресми түрде мойындағанын жариялаған еді.

Сондай-ақ, 21 қыркүйекте Австралия, Ұлыбритания, Канада және Португалия да Палестинаны мойындау туралы шешім қабылдады. Олардың мәлімдемелерінде «екі мемлекет принципін» ұстану Палестина мен Израиль халықтарының бейбітшілік пен қауіпсіздігі үшін басты шарт екені айтылды.

Өзгелердің жаңалығы