Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа қаласының тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға шақырды. Оның айтуынша, Израиль армиясы жақын күндері Палестинаның осы аймағына ірі жерүсті операциясын бастайды. Үкімет басшысы бұл туралы бейне үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Нетаньяху соңғы күндері Израиль әскери-әуе күштері Газадағы ондаған көпқабатты ғимараттарды қиратқанын еске салды. Израиль тарапының дерегінше, бұл нысандарды ХАМАС радикалдары әскери мақсатта пайдаланған. Тек екі күн ішінде әскерилер 50-ге жуық ғимаратты жойған.
Бұл – тек бастамасы. Алда біздің әскерлердің Газа қаласындағы жерүсті маневрі тұр. Сол себепті, Газа тұрғындарына ескерту жасаймын: ол жерден дереу кетіңіздер, - деді премьер-министр.
Бұған дейін Израиль билігі Газа қаласына толық бақылау орнату және радикалды топтарды түбегейлі жою мақсатында ауқымды әскери операция жоспарын бекіткен болатын.