Нетаньяху Иран халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран халқына арнап үндеу жасады.

 Reuters Бүгiн 2026, 08:43
Бүгiн 2026, 08:43
213
Фото: Reuters

Израиль премьер-министрі  Биньямин Нетаньяху Иран халқына арнап үндеу жасап, оларды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Саясаткер бұл жолдауды Иранға қарсы жалғасып жатқан әскери операция аясында жариялаған.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бұл – бостандық жылы, жаңа бастамалар мен үміт жылы болсын, қымбатты достар, – деді ол.

Наурыз – түркі және парсытілдес халықтардың көктемгі теңелу мен жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Наверх