Нетаньяху Газадағы операция уақытын қысқартуға бұйрық берді

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы «радикалдардың соңғы бекіністерін жою» және палестиналық Хамас қозғалысын талқандау мерзімін қысқартуға бұйрық берді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

 Reuters 21 Тамыз 2025 2025, 07:46
21 Тамыз 2025 2025, 07:46
605
Фото: Reuters

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы «радикалдардың соңғы бекіністерін жою» және палестиналық Хамас қозғалысын талқандау мерзімін қысқартуға бұйрық берді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Газа қаласына әскерді енгізу жоспарларын бекіту қарсаңында премьер-министр лаңкестердің соңғы бекіністерін тезірек жою және ХАМАС-ты түпкілікті талқандауға қол жеткізу үшін операцияның мерзімін қысқартуға бұйрық берді, – делінген Израиль премьер-министрінің кеңсесі мәлімдемесінде.

20 тамызда Израиль армиясы (IDF) Газа секторындағы жаңа операцияға дайындық үшін 60 000 резервшіге шақыру қағазын жіберді.

13 тамызда Нетаньяху Израиль армиясы палестиналық Хамас қозғалысының соңғы екі «бекінісін» өз бақылауына алып, оларды жою керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, «ең маңыздылардың» бірі – Газа қаласы.

Кейін Израиль қорғаныс министрлігінің басшысы Израиль Катц Газаны басып алу операциясын мақұлдады. Ол келесі жылдың басына дейін созылуы мүмкін.

Наверх