Несиесін уақытылы төлемеген қазақстандықтардың қарызы 390 млрд теңгеден асты

20 Қараша 2023, 23:45
861
Бөлісу:
Несиесін уақытылы төлемеген қазақстандықтардың қарызы 390 млрд теңгеден асты
Фото: baq.kz

Несиесін уақытылы төлемегендердің қарызы 390 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық банктің хабарлауынша, қарызды кешіктіретіндер биыл 11 пайызға өскен. Оның ішінде 327 млрд теңге тұтынушылық несие болса, 46 млрд теңге микроқаржы ұйымдарынан алынған. Ипотекалық қарыз 26 млрд 700 млн теңгеден асады.

Несиені уақытылы төлемегендердің көбі – Алматы тұрғындары. Олардың қарызы 164 млрд теңге. Шымкент, Астана қаласында да берешегін өтемей жүргендер көп.

Өзгелердің жаңалығы