Еңбек министрлігі несиені кешіру мәселелері бойынша желіде аккаунттар ашты

10 Қыркүйек 2019, 20:38
3206
Бөлісу:
Еңбек министрлігі несиені кешіру мәселелері бойынша желіде аккаунттар ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша ең өзекті мәселелерді түсіндіру үшін арнайы аккаунттар ашты.

Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, ҚР Еңбекмині халықпен сындарлы диалог құру үшін арнайы аккаунт-алаңдарын құрды.

Осы тақырып бойынша сұрақтары бар азаматтар өзекті ақпаратты Facebook-тегі және Instagram-дағы «Бәрі борыш жүктемесін азайту туралы» аккаунттарында ала алады

Бұған дейін хабарланғандай, борыш жүктемесінің төмендеуіне үміткер азаматтар өз мәртебесін келесідей тексере алатыны белгілі:

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) ресми интернет-ресурсындағы мына сілтемеге ЖСН енгізіп, сұрау жіберу арқылы;

- Электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрондық сервисінің көмегімен. Ол үшін ЭЦҚ қажет болады;

-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша консультация алу;

- Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы.

11 қыркүйектен бастап қазақстандықтар мемлекет есебінен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу мүмкіндігі туралы консультацияны:

- облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан;

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарынан;

- Облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінен ала алады.

Өзгелердің жаңалығы