Дәл қазір елімізде 8,5 миллион адамның несиесі бар екен. Олардың 1,5 миллионы банктер мен қаржылық ұйымдар алдындағы қарызын өтеуге қиналып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаев еліміздегі несие беру жүйесін әлі де болса жетілдіруді қажет етеді деп санайды. Экономист "Мінбер" жобасына берген сұхбатында қазіргі нарықтағы жағдай, шет елдердегі ахуал мен алдағы уақытта орын алуы мүмкін өзгерістер жайлы болжамымен бөлісті.
Сондай- ақ ол несие алу кезіндегі азаматтардың жіберетін қателіктерін де тілге тиек етті. Әңгіме барысында "Қазақстанда биыл АҚШ долларының бағамы қалай құбылуы мүмкін" деген мәселеге қатысты болжам айтылды.