Неліктен Ashyq қызыл немесе сары мәртебені көрсетсе, пойыз билетінің тек 50%-ы қайтарылады

15 Маусым 2021, 18:25
4521
Бөлісу:
Неліктен Ashyq қызыл немесе сары мәртебені көрсетсе, пойыз билетінің тек 50%-ы қайтарылады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер Ashyq жолаушының қызыл немесе сары мәртебесін анықтаса, онда пойыз билетінің 50%-ы ғана қайтарылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн неліктен билет құнының 50%-ы ғана қайтарылатынын түсіндіріп берді.

 

Ashyq-та қызыл немесе сары мәртебе анықталған жағдайда пойыз билетінің құнынан 50%-ы қайтарылады. Біз әріптестерімізбен бұл сұрақты талқыладық. Осы ретте барлық азаматты вокзалға шыққанға дейін өздерінің мәртебесін тексеруге шақырамыз. Егер оның қызыл мәртебесі болса, ол үйде қалуы керек. Сондықтан егер ол қызыл мәртебемен стансаға келсе, онда қайтарылған билеттің тек 50%-ы қайтарылады, - деп айтты Виктор Бошман.

 

Алайда жолаушы өзінің мәртебесін үйде отырып анықтаса, онда оған билет құнының толық 100% сомасы қайтарылады.

Айта кетейік, Виктор Бошманн Ashyq қосымшасында қызыл немесе сары мәртебе анықталған жағдайда жолаушылардың пайдаланылмаған билеттерді қалай қайтара алатынын түсіндірді.

Еске сала кетейік, бүгін «Нұрлы жол» вокзалында Ashyq жүйесі тест режимінде енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы