Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты

Бөлісу:
Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты
Фото: @ortcom_kz

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен брифингте бір ай бұрын облыста түнгі ойын-сауық мекемесіндегі төбелес кезінде қаза тапқан жігіттің ісіне қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, кінәлі адам ұсталды.

Оның әрекеті "қасқана адам өлтіру" бабы бойынша белгіленді. Ол қазір тергеу изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тағы 6 адам сыбайласы ретінде "Тәртіпсіздік"  бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл кешкі уақытта болған қылмыс еді. Сотқа дейінгі тергеу аясында түнгі мекемелердің санитарлық және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі де тексеріледі. Бұл бойынша құқықтық баға беріледі, - деп айтты Ахметжанов брифингте.

12 қарашада Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен болатын. Желідегі ақпараттарға сүйенсек, қайғылы оқиға жас жігіттің неке қиған күнінде болған.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен брифингте Ақмола облысының фермерлері астық жинаудан рекорд жасағаны және Көкшетауда ЖЭО салынатыны туралы айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы