Неге балаға "ақымақ", "топас" деп айтуға болмайды

Кеше, 18:30
258
Бөлісу:
Неге балаға "ақымақ", "топас" деп айтуға болмайды
Фото: pumbr.ru

Психолог Ержан Мырзабаев "Альфа ұрпақ" жобасында балаларды тәрбиелеу кезінде дұрыс мақтау мен сынды орынды қолданудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маманның айтуынша, балаларды үнемі мақтап отыру қажет, алайда олардың қателіктеріне назар аударғанда абай болу керек. Баланың жеке басына емес, оның жасаған әрекетіне баға берген жөн.

Мысалы, 'Сен мұны дұрыс істемедің, оны осылай жасаған дұрыс' деп бағыт беріңіз. Ал 'Ақымақсың, топассын, не істедің?' деп айтатын болсаңыз, бала өзін шынымен ақымақ санап, өзіне деген сенімі жоғалуы мүмкін, – дейді психолог.

Оның айтуынша, балаға сын айтқанда, оны қолдау маңызды. Қателіктерін түзеуге көмектесу арқылы олардың өзін-өзі бағалауына оң әсер етуге болады.

Дұрыс сын айту қағидалары:

Баланың жеке басын емес, әрекетін бағалау

Қателікті көрсеткенде, оны түзету жолын ұсыну

Жағымсыз сөздерден аулақ болу

Мақтау мен қолдауды ұмытпау

Маманның кеңесі бойынша, дұрыс берілген баға баланың өзіне деген сенімін арттырып, дамуына оң ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы