Әлемдегі ең ұзын торт қай елде пісірілді?

16 Қаңтар 2020, 22:31
2132
Бөлісу:
Әлемдегі ең ұзын торт қай елде пісірілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үнді аспаздары ұзындығы алты шақырымнан асатын және салмағы 27 тонна болатын торт әзірледі. Аспаздық шедеврді 4 сағатқа жуық уақытта дайындаған. Бұл туралы AFP сайтында хабарланды. 

Үндістанның Триссур штатында кондитерлер әлемдегі ең ұзын тортты пісірді. Тәттінің ұзындығы - 6,5 шақырым. Аспаздық шедеврдің салмағы 27 тоннаны құрады, оны әзірлеу үшін 1,5 мың наубайханашы жұмыс істеді. 
Алып десерт бірнеше мың үстелдің үстіне қойылды. Рекордты торт жасау үшін 12 тонна қант пен ұн қажет болды. Торт төрт сағат бойы дайындалды. Біз өз шеберлігімізді әлемге паш еткіміз келді, - дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі. 
Бұған дейін, Қытайда 2018 жылы дайындалған десерт ең ұзын торт болып есептелген еді. Дәмдінің ұзындығы 3,2 шақырымды құрады.
Өзгелердің жаңалығы