Үндістанда коронавирусқа қарсы дәрі сатылып жатыр

13 Тамыз 2020, 21:47
1870
Бөлісу:
Үндістанда коронавирусқа қарсы дәрі сатылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үнділік Zydus Cadila фармацевтикалық компаниясы COVID-19-ды емдеуге арналған Remdac атты вирусқа қарсы препаратты сатуды бастады. Бұл туралы zakon.kz IndiaTVNews-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Remdac қазіргі уақытта тек Үндістанда ғана сатылады. Бұл - ремдесивирдің негізінде жасалған вирусқа қарсы препараттың арзан нұсқасы. Бәрінің 100 мгиллиграмдық бір шишасы 2 800 рупий немесе 37,4 доллар тұрады.

Патенттелмеген дәрі-дәрмекті Үндістан сатуға мәжбүр болған. Үндістанның бірқатар штатының билік органдары коронавирус науқастарға дәрі-дәрмектер жетіспей жатқандығына, дәрі-дәрмекті уақтылы ала алмағандықтан ауру асқынып жатқанына шағымданған.



Өзгелердің жаңалығы