Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үндістанда індет жұқтырғандар саны төрт миллионнан асты

5 Қыркүйек 2020, 23:30
1173
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады, деп жазды Хабар24. 

Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сай, елде өткен тәулікте  86 мыңнан астам адамнан қауіпті вирус анықталған. Жалпы осындай көрсеткіш үнді жерінде осымен үшінші күн қатарынан тіркеліп отыр.

Қазір елде инфекциялық сырқатқа шалдыққандардың жалпы саны 4 миллионнан асады. Мамандардың айтуынша, жағдайға санитарлық нормалар мен арақашықтықтың сақталмауы себеп.  
Өзгелердің жаңалығы