Үндістанда 3 жасар бала қайнап тұрған қазанға түсіп қайтыс болды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда ауылдағы мереке кезінде 3 жасар бала қайнап тұрған сорпаға түсіп кетті.&nbsp;</h4>

 22 Қараша 2019 2019, 22:53
22 Қараша 2019 2019, 22:53
3300

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда ауылдағы мереке кезінде 3 жасар бала қайнап тұрған сорпаға түсіп кетті. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Оқиға Хайдарабад қаласына жақын жердегі ауылда болған. Үш жасар Суреш әкесімен ауылда мерекені тойлауға келеді. Ойнап жүрген бала самбар сорпасы әзірленіп жатқан қазанға түсіп, қатты күйіп қалады.

Оны бірден ауруханаға жеткізеді. Бірақ бірнеше күннен кейін күйік салдарынан қайтыс болған. Баланың әкесі полицияға хабарласты. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Наверх