Үндістан кинофестивалінде «Вкус цвета» фильмі үздік деректі фильм атанды

24 Шілде 2019, 22:14
1668
Бөлісу:
Үндістан кинофестивалінде «Вкус цвета» фильмі үздік деректі фильм атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілдеде Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Kolkata Shorts International Film Festival» VIII ХКФ-де режиссер Камилла Абдельдинованың «Вкус цвета» қысқаметражды деректі фильмі үздік деректі фильм атанды. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. 

"Вкус цвета" фильмі "Қазақстанның түркі халықтары" циклына кіреді. Бұл деректі цикл Қазақстанда тұратын көпұлтты түркі этностарына арналған. Абдельдинованың картинасы ұйғыр
этно-авангард суретшісінің тарихы арқылы Қазақстанда тұратын ұйғырлар туралы баяндайды.

"Кинематографист Дәурен Әмірғазинов екеуміз барған Калькуттаға алыс сапарымыз өз нәтижесін берді. Бұл біздің фильмнің ең бірінші марапаты – «Үздік деректі фильм». Бақыт біз үшін -  марапат пен конкурс емес,  ең бастысы, бізді қолдаған қазақстандықтар мен жақындарындай қарсы алған үндістерге ризамыз.  Біз үшін басты марапат – халықтың мейірімділігі мен бауырмалдығы", - деді режиссер Камилла Абдельдинова

Сонымен қатар, бұл фестивальге «Қазақфильм» киностудиясының «Хангүл ізімен...» атты деректі фильмі қатысты. Режиссері Виталий Чернов. Картина шөл және шөлейт аймақтарда мекендейтін хангүл, яғни бұхар (тоғай) бұғысы, оларды Қазақстанда қайта көбейту жайлы баяндайды. «Kolkata Shorts International Film Festival» Бенгалия мәдениетінің орталығындағы Кальката қаласында өтеді.

Фестивальдің мақсаты – әлемнің түкпірінен келген жас режиссерлердің өсуіне ықпал етіп, қысқаметражды фильмдердің дамуына бағытталған.
Өзгелердің жаңалығы