Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына барады

Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жолдама иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бокс федерациясы 2 Маусым 2024 2024, 19:34
2 Маусым 2024 2024, 19:34
963
Фото: Бокс федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жолдама иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста 2 дүркін әлем чемпионы, 50 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның жас спортшысы Канг Су Хуангты 5:0 есебімен жеңді.

Қазақ қызы үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Айта кетейік, бұл Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы болмақ.

Наверх