Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

14 Қыркүйек 2025, 17:49
469
Бөлісу:
 ҰОК/Сали Сабиров
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен төрешілердің шешімі бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Өзгелердің жаңалығы