Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент сенатының жалпы отырысында ҚР жоғарғы сотының бес судьясы сайланды.
Мемлекет басшысы сіздердің назарларыңызға Төлебай Қожан, Бағлан Мақұлбековтің орнынан түсуіне байланысты олардың орнына Сембек Баймаханов, Вячеслав Салий, Ботагөз Ералиева, Есенбай Боранбаев, Арыстанбек Ыстыбаевты сайлау туралы ұсынымды енгізді. Бес кандидат та жоғары білікті маман. Олардың судья қызметінде үлкен тәжірибесі бар. Судьялардың барлығы жоғары соттағы жауапты қызметке толықтай дайын, - деді ҚР жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.
Оның айтуынша, Төлебай Қожан мен Бағлан Мақұлбековтің қызметінен босатылу шешімі олардың зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қабылданған.
Осыдан соң, отырыс барысындаСембек Баймаханов, Вячеслав Салий, Ботагөз Ералиева, Есенбай Боранбаев және Арыстанбек Стыбаев ҚР жоғары сотының судьясы қызметіне сайланды.
Бес судья да сенаттың жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.
ҚР жоғарғы сотының судьясы болып сайланған, ант берген азаматтарды құттықтаймыз. Жауап қызметтерді абыройлы атқарады деп сенеміз. Судья болу - әділетті, маңызды міндет. Бүгін берген анттарыңызды ұмытпаңыздар! Жоғары сот судьясынан босатылғандарға сот жүйесіне сіңірген еңбектері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Болашақтағы жұмыстарыңыз, еңбектеріңіз табысты болсын, - деді сенат спикері Дариға Назарбаева.