Назарбаев: Інімнің қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер үшін рахмет

17 Қараша 2023, 17:07
1180
Бөлісу:
Назарбаев: Інімнің қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер үшін рахмет
Фото: nazarbayev.kz

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді, - дейді Назарбаев.

Оның айтуынша, соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатыр.

Маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы