Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әңгімелесу барысында Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы және Еуразиялық интеграцияны дамытудағы тарихи рөлін жоғары бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев алдағы уақытта тұрақты байланыстарды жалғастыра беруге уағдаласты.