Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президентіне партияны жаңғырту жоспарын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Бұған қоса, «Nur Otan»-ның Түркістан облысындағы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысуы жайлы есеп берілді. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабар таратты.
«Nur Otan» партиясы елдің басты саяси күші саналады. Партия халыққа жақын болуы тиіс. Адамдардың тілектерін біліп, олармен белсенді жұмыс жасау керек. Қоғамымыздың проблемаларын шешуге көмек көрсету қажет. Сонымен қатар, біздің партияның кадрлық құрамын мұқият зерттеу керек. «Nur Otan» әрі қарай жетіле беруі тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.