Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Зимбабве Республикасының президенті Эммерсон Мнангагва елімізге ресми сапармен келді. Бұл Мнангагваның Қазақстанға алғашқы сапары.
Зимбабве басшысы Ақордаға келді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары мәртебелі мейманды қарсы алды. Бұл қос мемлекет басшысының алғашқы кездесуі.
Эммерсон Мнангагва Зимбабве басшысы болып 2017 жылғы қарашада сайланған болатын.
Ал бұған дейін бірнеше жыл бойы елдің бірінші вице-президенті қызметін атқарған. Сондай-ақ, Зимбабве үкіметінде түрлі басшылық қызметтерде болған.
Ол 2017 жылғы 14-15 қарашадағы Зимбабведегі əскери төңкерістен кейін уақытша президент болған. Ал одан кейін осы қызметке заңды түрде кіріскен.
Атап өтсек, Мнангагва бұған дейін Ресей, Беларусь пен Əзербайжанға сапарлап келген.