Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Найзағай, тұман: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

8 Қыркүйек 2025, 23:28
523
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ертең, 9 қыркүйекте еліміздің 17 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бірнеше өңірде бұршақ жауып, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында таулы аудандарда найзағай болады.

Бірқатар өңірлерде (Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа облыстар) төтенше өрт қаупі сақталады.

Көптеген аймақтарда тұман түсуі мүмкін.

Қазгидромет мамандары тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы