Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан территориясының басым бөлігіне, Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер ететін болады – найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деді ол.
Қазгидромет хабарлауынша, Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Астана қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 градус жылы.
Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы.
Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.