Найзағай, бұршақ пен қатты жаңбыр жауады

13 Мамыр 2022, 13:30
1509
Бөлісу:
Найзағай, бұршақ пен қатты жаңбыр  жауады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 14-16 мамырына арналған ауа райы болжамы. 

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның синоптикалық жағдайы Солтүстік Атлантикалық циклонның жылы секторымен және онымен байланысты атмосфералықфронттардың өтуімен шартталады. Солайша шығыста, батыста және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бірақ, бұған қарамастан, температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағандары 17-25 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін көтеріледі.

Өзгелердің жаңалығы