Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.
12 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Шымкент қаласында 12 шілдеде күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 12 шілдеде күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
12 шілде күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Кей жерде 38-42 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 12 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%, - делінген хабарламада.
12 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерде бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, оңтүстікте 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз 12 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қаласында күндіз 12 шілдеде найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
Күндіз 12 шілдеде Қызылорда облысында кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 42 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда қаласында күндіз 12 шілдеде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.
12 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерінде 15-20 м/с. Күндіз оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.