Ертең, 7 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында және Астанада қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, Жетісу, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел соғады. Кей өңірлерде шаңды дауыл тұрып, тұман түседі.
Астанада найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ көптеген өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райына байланысты сақтық шараларын сақтауды, әсіресе жолда абай болуды ескертеді.