Қазақстанда тұрақты жылыну сақталуда. Синоптиктер еліміздің барлық дерлік өңірінде оң температура күтілетінін болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі.
-
Астанада ауыспалы бұлттылық сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы — 2–7 м/с. Түнде температура -8…-10°C-қа дейін төмендесе, күндіз +3…+5°C-қа дейін жылынады.
-
Алматыда да жауын-шашынсыз: ауыспалы бұлттылық, жел 3–8 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз ауа температурасы +11…+13°C болады.
-
Шымкентте күндіз +17…+19°C, түнде +2…+4°C күтіледі, желдің жылдамдығы 8–13 м/с.
-
Түркістанда - күндіз +18…+20°C-қа дейін барады, түнде +1…+3°C, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
-
Таразда - күндіз +12…+14°C, түнде 0…-2°C шамасында.
-
Ақтауда жаңбыр жауады деп болжануда, температура күндіз +12…+14°C, түнде +7…+9°C болады.
-
Атырауда - жауын-шашынсыз, күндіз +12…+14°C, түнде +2…+4°C.
-
Оралда - күндіз +4…+6°C, түнде -2…-4°C.
-
Қарағандыда түнде -8…-10°C, күндіз 0…+2°C.
-
Жезқазғанда - түнде -2…-4°C-тан күндіз +8…+10°C-қа дейін.
-
Қостанайда - түнде -7…-9°C, күндіз +3…+5°C.
-
Петропавлда - түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.
-
Көкшетауда - түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C.
-
Павлодар мен Семейде түнде -5…-10°C, күндіз +1…+3°C шамасында болады.
-
Өскеменде түнде температура -8…-10°C-қа дейін төмендеп, күндіз +1…+3°C-қа дейін көтеріледі.
-
Қонаев пен Талдықорғанда күндіз +11…+13°C, түнде 0…-3°C шамасында күтіледі.
-
Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз болады, бірақ жел 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Температура күндіз +13…+15°C, түнде 0…+2°C құрайды.