Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еnpf-otbasy.kz платформасы 732 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге қажет ресурстарды алуға көмектесті.
Орташа есеппен алғанда, 2021 жылы платформаға ай сайын 100 мыңға дейін өтінім келіп түсетін. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасында клиенттерден түскен өтінімдер саны 2022 жылдың ең жоғарғы деңгейі - 870 мыңға жетті, оның ішінде:
1. Аяқталған өтінімдер - бұл мақұлданған өтінімдер, онда қаражат нысаналы мақсаты бойынша жіберілді - 352 мың.
2. БЖЗҚ клиент қаражатының жеткіліксіз болуына байланысты кері қайтарған өтініштер саны - 146 мың.
3. Клиент нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды бекітеді деп күтілетін өтінімдер - 106 мың.
4. Салынған құжаттарды тексеруге өтінім - 73 мың.
5. Клиенттің өзі жойған өтінімдер - 52 мың.
6. Клиенттер қол қоймаған, аяқталмаған өтінімдер – 35 мың.
7. Пысықтауға жіберілген өтінімдер - 34 мың.
8. БЖЗҚ-нан арнайы шотқа қаражат түсуін күтудегі өтінімдер - 33 мың.
9. Толықтыру үшін Отбасы банкінің салымын таңдау қажет өтінімдер – 20 мың
10. БЖЗҚ-на қайтарылған қаражат бойынша өтінімдер - 19 мың.
Келіп түскен барлық өтінімдер, сондай-ақ мақсатты растайтын құжаттар салынған өтінімдер кезек тәртібімен пысықталады.
Сонымен қатар, қоғамда 2022 жылғы 1 сәуірде қазақстандықтардың Отбасы банктегі арнайы шоттарындағы БЗТ-і БЖЗҚ-на қайтарылады деген қауесет тарады.
Осыған байланысты, Отбасы банктегі азаматтардың арнайы шоттарындағы қаражат олардың меншігі екенін түсіндіреміз. Арнайы шотқа ақша түскен сәттен бастап қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында оларды пайдалану бойынша растайтын құжаттарды ұсыну үшін 20 жұмыс күні бар. Осылайша, наурыздың аяғында арнайы шотқа түскен ақшаны 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін қолдануға болады. Егер қаражат емделу мақсатында сұралып, арнайы шотқа түскен болса, онда азаматтардың оларды пайдалану мақсатын растау үшін 45 жұмыс күні бар.
Сондықтан, арнайы шотқа өз қаражатын түсіріп қойған өтініш берушілер банктің аймақтық филиалдарына бармай-ақ құжаттарды асықпай жинауы керек, өйткені барлық рәсімдер онлайн режимінде өтеді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде соңғы үш күнде зейнетақы жинақтарының артылған сомасы жоғалып кетті деген қате мәлімдемелер таралып жатыр. Мысалы, 2022 жылғы 25-28 наурыз аралығында берілген 53 649 өтінімді, сұралған қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты, БЖЗҚ кері қайтарды. Бұған валюта бағамының өзгеруі және осыған байланысты зейнетақы жинақтарын қайта бағалау әсер етті. 2022 жылғы 25 наурызда зейнетақы активтерін қайта бағалауға ықпал еткен доллардың бағамы 494,16 теңгені, ал 2022 жылғы 28 наурызда 484,49 теңгені құрады.
Өзінің БЗТ-ін бұрынғы шекті көрсеткіш бойынша пайдалану үшін Банк enpf-otbasy.kz порталында өтінім беруді 2022 жылдың 29 наурызына дейін үлгеруді ұсынды. Себебі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және отбасын емдеуге арналған БЗТ-ін пайдалану қағидаларына сәйкес банк 2 жұмыс күні ішінде өтінімді өңдеп, БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ қолданыстағы шекті көрсеткіш бойынша өтінімдерді 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда сағат 23:59-ға дейін қабылдайды және қарастырады.
Бүгін БЖЗҚ-на жолданатын өтінімді толық жасап аяқтамаған 35 мың өтініш берушіге СМС хабарлама жіберіледі. Оларды порталға кіріп, ЭЦҚ көмегімен екі өтінішке қол қоюды сұраймыз: жеке табыс салығын ұстап қалу туралы және біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтініш.
Өтінімдердің көпшілігі қайталанады. Бірнеше рет өтініш берген рекордсмендер бар. Бірақ дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық: мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданды. Адамның компьютерлік сауаттылығының орташа деңгейінде порталда болу уақыты 15-20 минутты алатынын ескерсек, мұндай операциялардың қаржылық мәні түсініксіз. Сондай-ақ, ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы бұрын-соңды болмағаны түсінікті. Мамыр айының басында зейнетақы жинақтарын пайдалану және осы бірегей жобаның ерекшеліктері туралы халыққа толық есеп жариялауды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.