«Наурыз жұмыскер» ипотекасы бойынша мамандықтар тізімі жарияланды

Бүгiн, 18:11
444
Бөлісу:
«Наурыз жұмыскер» ипотекасы бойынша мамандықтар тізімі жарияланды
Фото: pricom.kz

«Наурыз Жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы: өтініштер қабылдау 17 наурызда басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Отбасы банк" 2025 жылдың 17 наурызында «Наурыз Жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасын іске қосады. Бұл бастама еңбек адамдарына қолжетімді шарттармен баспана алу мүмкіндігін ұсынуды мақсат етеді. Бағдарламаға 72 млрд теңге бөлініп, шамамен 2 440 жұмысшы маман жеңілдетілген несие арқылы баспана мәселесін шеше алады.

«Наурыз Жұмыскер» бағдарламасының шарттары
• Несие мөлшерлемесі:
• Әлеуметтік осал топтар үшін 7% (ЖТСМ 7,1%–9,6%)
• Басқа санаттағы азаматтар үшін 9% (ЖТСМ 9,4%–13%)
• Бастапқы жарна:
• 10% – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйге
• 20% – қарапайым әрлеудегі бастапқы тұрғын үйге және қайталама нарықтағы тұрғын үйге (моноқалалар мен ауылдық елді мекендер үшін)
• Несие сомасының шегі:
• Өңірлерде – 30 млн теңге
• Астана мен Алматыда – 36 млн теңге
• Баспана таңдау:
• Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үйді алуға болады. Пәтерлер Baspana Market порталында таңдалады.
• Моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі бар.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бұған дейін өндіріс, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация салаларында жұмыс істейтін азаматтарды қолдау қажеттілігі айтылған болатын.

Сондай-ақ 7 негізгі секторды қамтиды:
1. Ауыл, орман және балық шаруашылығы
2. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру
3. Өңдеу өнеркәсібі
4. Электрмен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен қамтамасыз ету
5. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және өңдеу, ластануды жою қызметі
6. Құрылыс
7. Көлік және қоймалау

Ұлттық кәсіптер жіктеуіші негізінде 8 230 жұмысшы мамандық анықталды. Егер бағдарламаға қатысушы осы 7 саланың бірінде жұмыс істесе және осы мамандықтардың біріне ие болса, онда ол «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасына өтініш бере алады.

Өзгелердің жаңалығы