Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді

22 Наурыз 2023, 20:07
1155
Бөлісу:
Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді
Фото: Талант Құсайын

Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағасында Наурыз мерекесі екі күннен бері дүркіреп тойлануда, деп хабарлайды сол өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Жағалауға 30 киіз үй тігілді. Мұнай-газ мекемелері, медицина, білім ордалары мен қаржы ұйымдары тіккен ақшаңқан үйлер халыққа лық толды. Думанды мерекені көруге алыс-жақыннан мыңдаған адам келді.

Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді
Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді

Өте керемет мереке өтіп жатыр. Таңертең ерте ауылдан шыққан едік. Балалар да мәз. Әр үйден дәм таттық. Қарнымыз тоқ, ән тыңдап, теңіздің ауасын жұтып жақсы өтіп жатыр. Қазақтың көңілі дархан ғой. Осы мерекеде сол көрініс тапқан,– деп ойымен бөлісті Жәния Сыйлағанқызы.

Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді

“Наурыз думан-2023” шарасы ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында өтуде. Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеген сахналанған көріністер көпшілікті тәнті етті. Сонан соң дәстүрлі ән-жыр, би, күй, этрадалық шығармалар мерекенің көркін қыздырды.

Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді

Әз-наурызда “Атамекен” микроқаржы ұйымы халыққа тегін палау таратты. Барлық киіз үйде көл-көсір дастархан жайылып, наурыз көже, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. 

Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді

Ұлттық бұйымдар, киім-кешек пен азық-түліктердің көрме-жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.

Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді

Жаңаөзен қаласынан келдік. Сүт өнімдерінің барлық түрін жәрмеңкеге қойдық. Ақ мол болсын деп тілек айтатын халықпыз ғой. Балқаймақ, құрт, қаймақ, айран, шалап, ірімшік сияқты өнімдерімізді әкелдік. Сұраныс жоғары,– дейді кәсіпкер.

Наурыз мерекесінде Каспийдің жағасы думанға бөленді

Алаңға боз кілем төселіп күрес, асық ату, тоғызқұмалақ ұлттық ойындарынан жарыс өтті.  Алтыбақан құрылып, жастар мәре-сәре болды.
Ақтаудағы наурыз мерекесі түн ауғанша жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы