8 және 9 наурыз күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері демалысқа шығады. Ал Наурыз мерекесі кезінде кезекші бөлімшелер тек 25 наурыз күні жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы наурыз айындағы мерекелер кезеңінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады.
8 және 9 наурыз
Бұл күндері барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО, соның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.
Наурыз мерекесі
Наурыз мейрамын атап өту кезеңінде 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері.
25 наурыз күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.
Ал мерекелік күндерге сәйкес келмейтін басқа күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО әдеттегі тәртіппен қызмет көрсетеді.
Жұмыс күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
2026 жылғы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасы кезінде қазақстандықтарды 13 демалыс күні күтіп тұр.