Наурыз айында азық-түлік бағасы 6 пайыз қымбаттады

17 Сәуір 2022, 14:39
1842
Бөлісу:
Наурыз айында азық-түлік бағасы 6 пайыз қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар-ақпан айларында азық-түлік өндіру саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 19,8 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4% көп. Оның алдыңғы жылы бірден 3,1 есе өскен еді, деп хабарлайды finprom.kz сайты.

Азық-түлік саласына салынған инвестицияның 87 пайызы үш өңірге тиесілі:

  • ШҚО – 9,5 млрд теңге, 6,2% өскен;
  • Ақмола облысы – 5,1 млрд теңге, 4,4 есе өскен;
  • Алматы облысы – 2,6 млрд теңге, 33,5% азайған.

Сектор инвестициясының 10 млрд теңгесін банктер несие ретінде берген. Ал 9,7 млрд теңге – өнеркәсіптің өз ақшасы. Банктік емес инвестиция көлемі 82,5 млн теңгені құрады.

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Наурыз айының өзінде 6,1% қымбаттаған. Нәтижесінде наурыз айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы бір жылда 15,9% өскен.

Салыстырмалы түрде өткен «санкция дағдарысы» кезінде азық-түлік бағасы 2016 жылы – 12,1%, 2017 жылы 9% қымбаттады.

Өзгелердің жаңалығы