НАТО: Ресей спутниктерге шабуыл жасауы мүмкін

13 Сәуір 2025, 15:17
1228
Бөлісу:
НАТО: Ресей спутниктерге шабуыл жасауы мүмкін
Фото: depositphotos.com

НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресей спутниктерге шабуыл жасау үшін ғарышқа ядролық қару орналастыруы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, Ресейдің қазіргі мүмкіндіктері Батыс елдерінен қалып бара жатыр. Сол себепті Мәскеу өз позициясын күшейту үшін ғарышқа ядролық қару орналастыруды қарастырып жатқан болуы мүмкін. Бұл – НАТО үшін үлкен алаңдаушылық туғызатын мәселе.

Рюттенің айтуынша, мұндай қару Жерге емес, спутниктерге бағытталуы мүмкін. Бірақ ол да өте қауіпті, себебі көптеген навигациялық, байланыс және қоршаған ортаны бақылау жүйелері дәл осы спутниктер арқылы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, мұндай әрекет 1967 жылғы халықаралық «Ғарыш туралы келісімді» бұзады. Бұл келісім ғарышқа жаппай қырып-жою қаруын орналастыруға тыйым салады.

Қазір НАТО елдері қауіп-қатерге бейімделіп жатыр: барлау ақпараттарымен бөлісіп, спутниктерін қорғау жүйесін дамытып отыр. Рютте ғарыш кеңістігінің өзі соңғы жылдары тым қауіпті әрі болжанбайтын орынға айналғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы