Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
70 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда аустралиялық Лекеиша Перголитимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Богданова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын жүлдені салды. Бұған дейін ел атынан өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова (51 кг), Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Аида Әбікеева (65 кг) және Төрехан Сабырхан (70 кг) чемпион атанған болатын.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің бұл жетістігі ұлттық құрама үшін тарихи көрсеткішке айналып отыр.