NASA алдағы екі жылда Айға астронавт қондыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы басқарма басшысының міндетін атқарушы Шон Даффи Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, миссия 2025 жылдың соңына дейін, яғни қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асады.
Келесі жылы Айға ораламыз. Бұл жолы қонбаймыз, Айды айналып ұшамыз. Ал шамамен бір жылдан кейін астронавттар Айға қайта барып, қонады. Бұл Дональд Трамп әлі президент болып тұрған кезде іске асады, – деді Даффи.
Оның мәлімдеуінше, аталған миссиядан кейін Ай бетінде тұрақты база салу жоспары бар. Бұл база Жер серігін тұрақты зерттеуге, сондай-ақ келешекте Марсты игеру мақсатындағы ғылыми дайындықтарға негіз болмақ.
NASA-ның соңғы жылдары ғарыштық зерттеу бағдарламаларын қарқынды дамытып келеді. Агенттік болашақта Ай мен Марсқа тұрақты миссиялар ұйымдастыруды көздеп отыр.