Қазақстанның соңғы жаңалықтары

NASA-ның жүздеген қызметкері Трамп саясатына қарсы шықты

22 Шілде 2025, 05:18
670
Бөлісу:
 AP Photo / Rod Lamkey
Фото: AP Photo / Rod Lamkey

АҚШ-тың ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) қазіргі және бұрынғы 300-ге жуық қызметкері Дональд Трамп әкімшілігінің саясатына қарсылық білдіріп, "The Voyager Declaration" атты мәлімдемеге қол қойды. Бұл құжат 21 шілдеде Stand Up for Science қоғамдық қозғалысының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз үкіметтің соңғы саясаты мемлекеттік ресурстарды ысырап етуге, адам қауіпсіздігі мен ұлттық қорғанысқа қауіп төндіруге, сондай-ақ NASA-ның негізгі миссиясына нұқсан келтіруге алып келеді деп санаймыз. Осы хатқа қол қойған біз бұл саясатпен келіспейміз, - деп жазды мәлімдемеде қол қоюшылар.

Ғалымдар мен инженерлер NASA-ның қаржыландыруынан айрылуы, халықаралық миссияларға қатысудан бас тарту, сондай-ақ ғылым мен зерттеулерге берілетін гранттар мен келісімшарттардың тоқтауы – бәрі Трамп әкімшілігінің ғылымнан гөрі "саяси мүддені" жоғары қоятынын көрсетеді деп санайды.

Бұған қоса, 9 шілдеде бірқатар АҚШ басылымдары NASA қызметкерлерінің жаппай жұмыстан кетуі Ай мен Марсқа бағытталған негізгі ғарыш бағдарламаларына кері әсер етуі мүмкін екенін жазған болатын. Мәлімет бойынша, ұйымнан 2694 мемлекеттік қызметкер кетіп қалған, бұл Ақ үй жоспарлаған қысқартулардың жартысына жуық көрсеткіш.

Өзгелердің жаңалығы