Қазақстанның соңғы жаңалықтары

NASA Айда америкалық база құруды жоспарлап отыр

Бөлісу:
 mixnews.lv
Фото: mixnews.lv

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) Айда америкалық база құру жоспарларын қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі First News Media басылымына сілтеме жасап. 

Бұл туралы агенттіктің жаңа басшысы Джаред Айзекман X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Айзекман 18 желтоқсанда АҚШ Сенатының шешімімен NASA басшысы қызметіне бекітілді. Оның кандидатурасын АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынып, Айзекманды көрнекті кәсіпкер, меценат, ұшқыш және астронавт деп атады. Қызметіне кірісе отырып, ол АҚШ-тың ғарыштағы көшбасшылығын растауды, соның ішінде америкалық астронавттарды Айға қайта қондыру арқылы жүзеге асыруды көздейтінін айтты.

Бұған дейін АҚШ әкімшілігі 2030 жылға қарай Айда ядролық реактор орналастыру жоспары бар екенін хабарлаған болатын. Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған президент жарлығына сәйкес, астронавттардың Айға қонуы 2028 жылға жоспарланған, ал екі жылдан кейін алғашқы айлық форпосттар құру көзделіп отыр. Ай бағдарламасы болашақта Марсқа ұшуларға дайындық кезеңі ретінде, сондай-ақ ай экономикасын және ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қарастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы