Нарықты толық отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеміз – Бозымбаев

8 Ақпан 2019, 16:29
4449
Бөлісу:
Нарықты толық  отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеміз – Бозымбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің  кеңейтілген алқа отырысында Қазақстандағы жанар-жағармай саласындағы ахуал туралы баяндады.


“Негізгі мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2018 жылы 9,4% өсті. Биыл 12,2 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр”, - деді Бозымбаев. 

2018 нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамту келіседей көрсеткішке жеткен: бензин – 93,2%, дизель отыны – 91,1%, әуе керосині – 62%. 

“Биыл нарықты отандық бензин, дизель отыны, әуе керосинімен 100% қамтамасыз етеміз. Алғашқы жарты жылдықта мұнай өнімдерін Орталық Азия елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз. Заңнамалық база аяқталу сатысында”, - деді министр. 

Ол вице-министр Болат Ақшолақовқа заңнамаға өзгерістер енгізу мен келісімдерді ратификациялау мәселелерін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Министр бензин бағасының төмендегенін де атап өтті. 

 "2018 жылдың басынан Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек баеасының 4% төмендеуі байқалады. Биыл ақпан айында Алматы қаласында Аи-92 маркасының ең төменгі бағасы 139 теңгені құрады ", - деді Энергетика министрлігінің басшысы.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев кеңейтілген алқа отырысында 2018 жылды қорытындылап,  2019 жылға қойылатын міндеттерді атап өтті. 
Назерке Абибулла
Өзгелердің жаңалығы