Нариман Құрбанов Түркиядағы жарыста бірінші орын алды

23 Наурыз 2025, 06:50
756
Бөлісу:
Нариман Құрбанов Түркиядағы жарыста бірінші орын алды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнастар Антальядағы (Түркия) Әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті.

Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,634 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Айта кетейік, бұл гимнаст Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты.

Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды.

Үшінші орынға Ахмад Абу Әл Сауд (Иордания) – 14,200 ұпаймен тұрақтады.

Өзгелердің жаңалығы