Нариман Құрбанов Әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 Ақпан 2024 2024, 12:36
АВТОР
25 Ақпан 2024 2024, 12:36
25 Ақпан 2024 2024, 12:36
351

Қазақстандық Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, Н.Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан 15.433 ұпай жинап, алтын медальға ие болды.

Күміс Иордания спортшысының (15.300 ұпай) еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея (15.300 ұпай) өкілі қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл айтулы бәсекеге 80 елден 370 үздік спортшы жиналды.

Наверх