Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нәресте тікұшақпен Екібастұздан Павлодарға шұғыл жеткізілді

2 Қыркүйек 2025, 09:14
445
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

"Қазавиақұтқару" тікұшағы нәрестені Екібастұздан Павлодарға шұғыл жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" экипажы арнайы медициналық көмек көрсету үшін нәрестені Екібастұздан Павлодарға шұғыл тасымалдап, санитарлық рейсті орындады. 

Ұшу дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Нәрестенің жағдайы Павлодар перинаталдық орталығына тапсырылғанға дейін үздіксіз қадағаланды. Операцияны тәжірибелі экипаж — Саукинбек Керім, Әсілхан Азамат және Құдайберген Ербол орындады. Команданың үйлесімді әрекеттері науқасты тез және қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік берді, - деп жазылған хабарламада.

Санавиация шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді, өйткені ол өмірді қысқа мерзімде сақтап қалуды қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы