Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы экстремистерді ауыздықтауға қатысты шешімдер қабылдамағанда құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді. Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы осылай деді.
«Қаңтар трагедиясындағы» құрбан саны анықталды – 225. Бұл жөнінде құқық қорғау орындары хабарлады. Құқық қорғау органдары осынау ауыр ақпаратты ашық жеткізіп отыр. Бұл дұрыс. Егер де мемлекет басшылығы экстремистерді ауыздықтауға қатысты шешімдер қабылдамағанда құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді, - деді мәжілісмен.
Осындай трагедияның қайталабас үшін қолда бардың бәрін жасауға шақырған депутат Мемлекет басшысының жаңа құрамдағы Үкіметке берген тапсырғанын алға тартты.
Ел Президенті Мәжілістің жалпы отырысныда үлкен саяси міндеттерді алға қойды. Мемлекеттік табыс әділ бөлінуі тиіс! Сонымен қатар жаңадан бекітілген Үкіметке осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, халықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешуді тапсырды. Бұл – Үкіметке деген үлкен сенім мен оған берілген мүмкіндік, - деді Берік Әбдіғалиұлы.