Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен жеке кәсіпкер К.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотта анықталғандай, азаматша К. төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген талаптарды орындамай, 2020 жылғы 10 сәуірде, 17 сағат 00 минут шамасында Жанбай ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінде нан өнімдерін орамасыз ашық күйде өткізіп, мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу талаптарын сақтамаған. Құқық бұзушы К. "TrueConf" ұялы қосымшасы арқылы сот отырысына қатысып, өз кінәсін мойындады - делінген хабарламада.
Сот қаулысымен кәсіпкер К. кінәлі деп танылып, оған 27 780 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.