Нан, май, ет, жұмыртқа бағалары түсуі керек

2 Тамыз 2022, 17:41
1773
Бөлісу:
Нан, май, ет, жұмыртқа бағалары түсуі керек

Бұл туралы Қазақстанның астық одағы ұйымдастырған дөңгелек үстелде одақ төрағасы Нұрлан Оспанов айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Нанның бағасы қандай болатынын білу үшін, бидайдың бағасын қарау керек. Мысалы, бидайдың бағасы 120 мың теңге болса, нан 120 теңгеге бағалануы мүмкін. Мемлекеттік мекемелерде де санауды жеңілдету үшін осылай санайды. Біз болжағандай бидай бағасы түссе, онда нан бағасының арзандауына да толық негіз бар, - деді ол.

Бірақ Оспанов нанда жалпы шығынның отыз пайызын құрайтын бидайдан басқа электр энергиясы, жанар-жағармай материалдары сияқты өңдеушілер мен нан пісірушілер көтеретін басқа да шығындар барын атап өтті. 

Тікелей байланыс болмауы мүмкін. Десе де, нан бағасы арзандауы керек. Онымен қоса, күнбағыс майы, қызыл және ақ ет, жұмыртқа бағалары түсуі керек. Өйткені жем, шикізат ретінде бидай мен арпаны пайдаланатын барлық жерде өнім бағасы да арзандауы тиіс, - деді маман.   

Айта кету керек, Қазақстанның астық одағы төрағасы Нұрлан Оспанов дөңгелек үстелде астық экспорты туралы да айтты. Әлемдік нарыққа Ресей порттары арқылы шығу қиындағанын, ал Каспий арқылы тиімсіз екенін атап өтті. Сондықтан Қазақстан жергілікті нарықтың жақсы ойыншысы атанып, өз инфрақұрылымын дамытуды қолға алу керегін мәлімдеді.  

Өзгелердің жаңалығы