Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық академиялық кітапханада ашылған Наджон Чильги көрмесі Кореяның ұлттық інжу-маржан лак-бояуларынан жасалған бұйымдарының көркемдігін көрсетеді.
Көрмеге 40 экспонат қойылған.
"Қазақстан мәдениетті дамыту саласын "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы арқылы іске асырып жатыр. Корея Республикасының мәдени мұрасын насихаттайтын бүгінгі көрме екі ел арасындағы мәдени алмасу тәжірибесіне елеулі үлес қосатынына сенемін... Наджон Чильги табиғи ағаштан жасалады және Көрме арқылы корей мәдениетімен жақынырақ танысып, Қазақстан мен Корея арасындағы достықты әрі қарай нығайтасыз деген үміттемін", - деді Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің консулы Хам Манчун.
АҚШ және Жапония сияқты елдерде өнер туындылары қойылған кореялық қолөнерші Наджон Чилги, Баэ Кванның жұмыстары көрсетіледі.
"Биыл Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің орнағанына 10 жыл толуына орай Нұр-Сұлтанда Корея Наджон Чильги дәстүрлі бұйымдарының көрмесін ұйымдастырып отырғанымызға қуаныштымын. Наджон Чильги - күнделікті тұрмысқа қажетті жиһаздарды ұзақ уақыт бойы седет пен жылтыр сырдан әрлеп жасайтын дәстүрлі корей өнері. Ағаш, седет және түрлі-түстің үйлесімі жасаған заттың сәнін келтіреді... Бүгінгі көрмеге 40 экспонат қойылып отыр. Олар арқылы өткен мен бүгіннің үйлесімін, көркем құндылығын көре аласыздар", - деп жазған Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан көрмеге арналған ашықхатта.
Көрме 24 қыркүйек пен 24 қазан аралығында ашық болады.