Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің болжамы бойынша сәуірдің 9-11 аралығында оңтүстікте қатты жаңбыр жауып, соңы бұршақ ұласуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттармен жылжыйтын циклон, алдағы үш тәулікте болатын жаңбырдың, кей жерде қатты жаңбырдың себебі болады. Сондай-ақ мұнда найзағай күтіледі және кей жерде бұршақ жаууы мүмкін.
Қалған аймақ антициклонда болады, сол себепті кішігірім жауын-шашын болжанады және көбінде жауын-шашынсыз.
Республикамызда ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2…6°С жоғары сақталады.